Қытайда кенеден тараған жаңа вирустан жеті адам қаза тапқан
Қытайда кенеден тараған жаңа вирустан жеті адам қаза тапқан
Қытайда кенелер арқылы берілетін SFTS вирусының өршуі тіркелді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Global Times-ке сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде 60 адам жұқтырған, жетеуі қайтыс болған. Бастапқыда індет Цзянсу провинциясында тіркелді, кейіннен Аньхой провинциясының тұрғындары да вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Жұқтырғандардың бірі симптомдардың құрамына жөтел, қызба және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі кіретінін айтты.
SFTS алғаш рет 2011 жылы анықталды. Вирус кенелерден адамға да, жұқтырған адамнан екінші адамға - қан немесе шырышты қабық арқылы таралады.