«ЖРВИ және Тұмаудың алдын алу» мәселелері қаралды

12 Желтоқсан, 2018 525 0

Түркістан облысы, Арыс қалалық ҚДСБ-сы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ж.Утегенова әріптестер арасында «ЖРВИ және Тұмаудың алдын алу» бойынша семинар-кеңес өткізді.

«ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл аурудың қауіптілігін елемейді, "құс" және "шошқа" тұмауынан үрейленгенде ЖРВИ мен тұмаудың әлдеқайда қауіпті сырқат екендігін ұмытып кетеді.

Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.

Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.

Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады», - деп Ж.Утегенова ауру жайлы біраз мағлұматтар берді. Сонымен қатар, аурудың алдын алу жолдарын айтып, әріптестерін аурудан сақтануға шақырды. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.