Енді «Шардара Армспорт» жаңалықтарын ұшақта оқуға болады

12 Желтоқсан, 2018 680 0

Тек Қазақстанда ғана емес әлемнің бірқатар мемлекеттеріне әуе тасымалын жасайтын «Skat airlines» компаниясы Түркістан облысы Шардара ауданының «Шардара Армспорт» спорт клубын жарнамалайтын болады.

Енді «Skat airlines» компаниясының ұшақтарына отырған кез-келген жолаушы Шардара ауданының даңқты чемпиондары жайында оқып біле алатын болады. Өйткені, аталмыш әуекомпаниясы әлемдік ареналарда мықтылықтарын мойындатып, еліміздің намысын қорғап жүрген «Шардара Армспорт» спорт клубының жетістіктері мен клуб мүшелерін әуе журналдарында жарнамалайтындығын хабарлады.

Сонау 2000-жылдары өмірге келген армрестлинг спорты бүгінгі таңда қанатын кеңге жайып, мейлінше дамыды. Осы жылдар аралығында 44 әлем чемпионы, 41 әлем чемпионатының жүлдегерлері, 26 әлем кубогының иегері, 186 Азия чемпиондары, 128 Азия чемпионатының жүлдегерлері, 50 Азия кубогының иегері, 314 Қазақстан Республикасының чемпиондары шыққан болса, солардың ішінде 70 азамат «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 107 азамат «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 436 азамат спорт шеберлігіне үміткер, 2 азамат «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы», 1 азамат аудан тарихында тұңғыш мәрте «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері» атақтарын иеленген. Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін шардаралық спортшыларды бүгінде әлем мойындап отыр.

Журналда «Шардара Армспорт» спорт клубының негізін қалаған даңқты спортшы Арман Романұлы Қарсыбаев жайында, клубтың кешегісі мен бүгіні, клубтан тәрбиеленіп шыққан әлем чемпиондары жайында мағлұмат алуға толық мүмкіндік жасалған.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.