Түркістан: 100-ден астам адам карантинге қарамай суға шомылған
Түркістан: 100-ден астам адам карантинге қарамай суға шомылған
Түркістан облысында карантин кезінде суға түскен жүзден аса адам анықталды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының бас санитар дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, карантин талаптарын қатаң ұстану үшін сонымен бірге әр азамат өз денсаулығын сақтау мақсатында шомылу маусымынан уақытша бас тартқаны жөн.
"Мәселен, Бәйдібек ауданының полицейлері рейд кезінде карантин талаптарына қарамастан, суға шомылып жүрген 55 адамды анықтады. Тәртіп сақшылары оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттама толтырды. Дәл осындай жайт Сарыағаш ауданында да қайталанды. Сарыағаштық сақшылар ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 69 адамды ұстады. Сондай-ақ оларға арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді", - делінген хабарламада.