​Түркістандық жастар жат қылықтарға қарсы

12 Желтоқсан, 2018 364 0

Жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, сондай-ақ, елдің ертеңгі тұтқасын ұстар азаматтарының ой-пікірлерін тыңдау мақсатында Түркістан облысы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психологтары аудан мектептері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушыларымен кездесті.

Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық пен әлімжеттік, ұрлық, суицид пен ерте жүктілік сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне айналып отырған жат қылықтардан сақтандыру, алдын алу мақсатында Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психолог мамандары аудандағы орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Басқосу барысында жастардың психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту мақсатында оқушылармен психолог мамандардың жеке жұмыс жасайтындығын, әрбір баланың өз құқығы мен міндеттерін білуі керек екендігін, күйзеліске түспеу, өз-өздеріне сенімділік жоғалған жағдайда кімдердің көмегіне жүгіну керектігі туралы кеңінен түсіндіріп шыққан мамандар қатысушылармен психологиялық тренинг жүргізіп, сауалнамалар алды.жастарды еліміздегі қолданыстағы заң талаптарымен, керағар діни ағымдарға қарсы күрестердің барысымен, салауатты өмір салты мәселелерімен кеңінен таныстырды.

«Мұндай маңызды жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады»,- дейді ұйымдастырушылар.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.