Оңтүстіккореялықтар мақтааралдық ғалымдармен бірігіп жұмыс жүргізуге ниетті

12 Желтоқсан, 2018 574 0

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу интитутына» Оңтүстік Кореяның «HANWOORI CO.LDT» компаниясының бас директоры Гиль Нам Джанг келіп, мақта мен қауын-қарбызға арналған «Nacle» шартты белгісімен шығатын экологиялық таза дәрілік препараттарының түрлерімен таныстырды.

Оңтүстіккореялық ғалым өзі өндіретін минералды тыңайтқыштардың таныстырылымында әлемдік нарықта «Nacle» шартты белгісімен танылған өнімдердің құрамында әмбебап әсері бар азот, фосфор, калий және басқа да органикалық қосылыстар мен табиғи детоксикация күкіртінің, табиғи гумин қышқылының бар екендігін айтты. СОның айтуынша, өсімдіктерді тұтас дамытуды және гүлденуді қамтамасыз ететін топырақтың тамырлануына, өнімділіктің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа сападағы белсенді жоғары концентрацияланған сұйық тыңайтқыш көрінеді.

Кездесу барысында Гиль Нам Джанг мақтааралдық әріптестеріне табиғи өнімнің күшті антисептикалық қасиеті және иммундық жүйені күшейтетін күкірт қоспасы ағзаны зиянды бактериялардан қорғауды қамтамасыз ететінін де айтып өтті.

Джанг мырза тыңайтқыштар мен витаминдердің адам өміріне, сондай-ақ, құстар мен малдарға ешқандай кері әсері жоқ екендігін, оның биологиялық таза өнімдерден алынатынын айтты.

Кездесу соңында корей елінен келген ғалым институттың жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Алдағы уақыттарда бірігіп жұмыс жүргізуге ниетті екенін білдірді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.