Қазақстанға Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды
Қазақстанға Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды
Бір аптаның ішінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, қара өріктен үш рет Шығыс көбелегі, бір рет Комсток құрттары табылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Өзбекстан аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Мұндай шешімге Өзбекстаннан келген қара өрік жемісінен карантиндік объектілердің жиі анықталуы себеп болды.
