Түркістан: «Біз, жастар, салауатты өмір салтын ұстаймыз!»

12 Желтоқсан, 2018 498 0

1-желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күні. Осы атаулы күнге орай, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 30-қараша мен 8-желтоқсан аралығында «Біз, жастар, салауатты өмір салтын ұстаймыз!» айдарымен апталық өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттаған апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектеп сыныптары мен фойе, кітапхана тақырыпқа сай безендірілді.

Апталықтың алғашқы күндері жас ұрпақ денсаулықтың адам өмірінде алатын рөлі мен аурудан сақтану жолдары туралы кеңінен мағлұмат алса, 3 желтоқсан күні дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын ұстан!», «Өз денсаулығың өз қолыңда!» ұранымен мектеп оқушылары арасында спорттық сайыстар өзкізілді.

4-желтоқсан күні Кемеқалған дәрігерлік емханасының акушер-гинекологы Г.О.Төреханова «Нашақорлық – қоғамдық дерт, ЖҚТБ – ғасыр індеті» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына баяндама оқыды. Дәрігер адамзат өмірінің тажалы саналатын есірткінің, алкогольді ішімдіктердің қаупі жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, әлемдік мәселеге айналған АИТВ/ЖИТС ауруларының оның жұғу жолдарын мен қалай қорғану керектігін де айтып өтті.

Мектеп медбикесі Н.Базарбаеваның нашақорлық пен маскүнемдік туралы көрсеткен бейнеролигінен және оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттаған сахналық қойылымдарынан көпшілік терең ой түйді.

Апталық барысында «Темекі шегудің зияны», «Нашақорлық – қасірет», «АИВТ жұқпасы және ЖИТС ауруы» тақырыптарында оқушыларға диктанттар жаздырылды. Апталықтың соңы оқушылардың мектеп ауласындағы «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» ұранымен флешмоб биімен ұласты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.