Отырардың тарихи жәдігерлері Елордаға сапар шегеді

12 Желтоқсан, 2018 697 0

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы мұражайында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Көне үрдіс және наным-сенім сабақтастығы» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Отырар тарихының бір парасын Елорда жұртшылығы мен қонақтарына насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрме Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отыр. Көрмеде, музей қоры жинағындағы VІ-VІІІ ғасырлардан бергі үрдіс пен наным-сенім, дін мен ғибадатқа байланысты археологиялық жәдігерлер, ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген діндар, ислам дінінің уағыздаушысы, түркі сопыларының бабасы, әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбаб әулиеге қатысты тарихи деректемелер, сонымен қатар тақырыпқа сәйкес ХІХ-ХХ ғасырларға тән этнографиялық зергерлік әшекейлер көпшілік назарына ұсыныла отырып, ертеден бүгінге дейін жалғасқан наным-сенім тарихынан мәлімет беретін деректер қамтылады.
Көрме 2018 жылдың 14 желтоқсан күні ашылып, 2019 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.