Ақтөбе: жазық дала қызыл өртке оранды
Ақтөбе: жазық дала қызыл өртке оранды


«Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жанған аумақ 100 гектардан асады. Өрттің таралуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев оқиға орнына келді. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
«Құрғақ шөптер мен қамыс өртеніп жатыр, олардың биіктігі үш метрге дейін жетеді. Елді мекенге қауіп төнбейді және таралмайды. Өрттің периметрі бойынша жер жырту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 35 адам мен 12 дана техника бар», - деп толықтырды облыстың төтенше жағдайлар қызметі.
