Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы екпе бірінші кезекте кімдерге егілмек?

Коронавирусқа қарсы екпе бірінші кезекте кімдерге егілмек?

 width= Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустан қорғану үшін ең алдымен кімдерге екпе егілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
"Қазір Денсаулық сақтау министрлігі және Сыртқы істер министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен COVID-19-ға қарсы вакцина алу бойынша келісім жасау мәселесін талқылап жатыр. Тек бірнеше өндіруші клиникалық сынақтың үшінші фазасына көшті", - деді Бюрабекова онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің ишемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирус аса қауіпті.
"Біз вакцина жасау керек тұрғындарды санадық. Қазір ол 15 пайызды құрайды, бірақ келісімде 20 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Олар қауіпті топтағы адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар да бар. Біздің санақтарымыз бен сараптауларға сүйенсек, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің ишемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирустың қаупі жоғары және пневмония асқынып кетуі мүмкін. Ең алдымен науқастардың осы тобына басымдық береміз", - деді вице-министр.