Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Бұл ел тарихында анықталған ең ірі есірткі зертханасы болып отыр."Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерден ірі сомада шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - дейді тәртіп сақшылары.
"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан. Есірткі өндіру көлемі өнеркәсіппен бірдей болды. Ал оның көлемді партиялары интернет желісіндегі "DarkNet" атты көлеңкелі сегментінде жұмыс істейтін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне сатылған. Қылмыскерлер төлем ретінде көбінесе биткоинмен есеп айырысып отырған. Олардың айтуынша, өнімдерінің тазалығы мен сапасының жоғары болуына байланысты елдегі ірі қалалардан тапсырыс көп түсіп тұрған.