weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты
ашық дереккөзі
 width= Денсаулық сақтау министрлігі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте коронавирустың екінші толқыны туралы болжамды әзірлеп жатырғанын хабарлайды, Newsroom+ ақпарат агенттігі тілшісі. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында алдын ала есептеу жүргізіліп, коронавирустың таралуына қатысты болжам әзірленген болатын. Оған сәйкес, ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған. Бастапқы болжамда коронавирусқа шалдыққан науқастар ғана есепке алынды. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілді. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр.
"Демек бізге бәрін қайта есептеп шығу керек. Қазір әлем бойынша коранавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол кезде вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да көбейеді. Осының бәрін болжамда көрсету керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова.
 
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→