Тоқаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлердің банктегі қарыздары кейінге шегеріледі
Тоқаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлердің банктегі қарыздары кейінге шегеріледі
Ағымдағы жылғы 3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОК) қолдаудың қосымша шараларын бекітті. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. ШОК субъектілерінің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпей қабылдайды.
Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалады және кредиттік ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа байланыс құралдары арқылы ұсынылады. Кредиттік ұйымда ішкі тәртіппен бекітілген өтініштің үлгі нысаны болуы мүмкін.
Банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, егер қарыз алушының өтінішінде берешекті өтеудің басқа әдісі көрсетілмесе, қарыз алушының бұрын мерзімі кешіктірілген төлемдерін қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тепе-тең бөлу түрінде жаңа төлем кестесін жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады:
- жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы);
- қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды қалыптастыру;