Түркістан: Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелігіне дауыс беру басталды
Түркістан: Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелігіне дауыс беру басталды

«Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестегі 35 орынға өңіріміздің 47 кәсіпкері сайлауға түсуде. Бұл Ұлттық палатаның талаптарына сәйкес келген және қажетті құжаттардың толық топтамасын өткізген кандидаттар. Салалық құрылымдар бойынша жасалған талдау бойынша үміткерлердің көп бөлігі ауыл шаруашылығы, сауда мен қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлер. Қазір әр бизнес өкілінің дауысы маңызды, сондықтан өңір кәсіпкерлерін белсенді дауыс беруге шақырамыз»,-деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.Сайлаудың қорытындысы 31 тамызда белігілі болады. Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.