​Мақтааралда келер жылы 40,5 мың гектар жерге мақта егу жоспарлануда

11 Желтоқсан, 2018 385 0

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу интитутында өткен жиында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының диқан-шаруаларын мақтаның Р-1, R-2 және элиталы тұқымдық шит сорттарымен толық қамтамасыз ету үшін бүгіннен бастап дайындық жұмыстарын тиянақты түрде қолға алу қажеттігі айтылды.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен өткен жиынға аудандағы мақта тазалау зауыттарының басшылары, іріленген шаруа қожалық төрағалары мен өндірістік кооператив жетекшілері, ауыл әкімдері қатысты. Алдын ала болжам бойынша келесі жылы Мақтаарал ауданы бойынша 40498 гектарға мақта егілмек. Осыған орай аудан шаруаларын мақтаның Р-1, R-2 және элиталы тұқымдық шит сорттарымен толық қамтамасыз ету мақсатында дайындық жұмыстары бүгіннен басталып отыр. Жиында ғалым-агрономдар мен қатар шаруа қожалық төрағалары да сөзге шығып, тұқымдық шит сапасын жақсарту мәселесі бойынша өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтты. 

Ең таңдаулы жаңа сорттардың тұқымын көбейтіп, жақсарту, оны өндіріске кеңінен енгізу, келесі жылы мақташыларды тұқымдық шитпен толық қамтамасыз ету үшін селекция жұмысын жүйелеу мәселесі де кеңінен талқыланды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.