Петропавлда жер үй өртеніп, үш кісі көз жұмды
Петропавлда жер үй өртеніп, үш кісі көз жұмды
Петропавлда әкесі мен 5 және 9 жастағы екі ұлдың жанып кеткенін «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап NewsRoom+ ақпарат агенттігі. хабарлайды.
Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Жұмысшы кентінде болған. Өрт түнде отбасы шырт ұйқыда жатқанда басталып, баспана толық жанып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенде от шатырдан көрші үйге түскен. Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы мен 20 құтқарушы жұмыс істеді. Қазір осыған байланысты сараптама тағайындалып, себеп-салдары анықталып жатыр.
Жалпы жыл басынан бері өңірде өрттен 28 адам қайтыс болған.
"Ішіне кіргенде енді балалардың денелері әкесі мен бір баланың денесі жерде жатқаны табылды. Мынау жатын бөлме дейміз ғой. Екінші бала кереуеттің үстінде жатқан. Өрттің себебін қазір айта алмаймыз", – дейді Нұрлан Атығаев