Жаңалықтар

Қытайда оба дерті өршіп кетті

Қытайда оба дерті өршіп кетті

 width= Қытайдыңғы Ішкі Моңғолия автономдық аймағында жексенбі күні ер азамат обадан көз жұмып, тағы 35 адам індетті жұқтырды деген күдікпен оқшауландырылған. Билік өкілдері ер азамат 2-тамыз күні Дархан-Муминган ауылында көз жұмғанын мәлімдеді. Тест нәтижелері оның ішек обасын жұқтырғанын көрсеткен. Жергілікті билік өкілдері эпидемиялық жағдайдың үшінші деңгейі бойынша дабыл қақты. Індетті ары таратпау мақсатында Ішкі Моңғолия аймағында бірқатар шектеу шаралары қабылданған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ