​Бәйдібекте қоғамдық кеңестің жиыны өтті

16 Желтоқсан, 2018 486 0

Қоғамдық кеңестің кезекті жиынында екі мәселе - Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №24/139 "2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы шешіміне енгізілген өзгерістер жайлы", екіншісі - "Мемлекеттік қызметтерді ұсыну және электронды ұсынылатын қызметтердің үлесін арттыру мәселесі туралы" қаралды.

 Алдыңғы мәселеде кеңес мүшелері ауыл әкімдері мен жауапты мамандардың пікірлерімен келісті. Ал, "Мемлекеттік қызметтерді ұсыну және электронды ұсынылатын қызметтердің үлесін арттыру мәселесі туралы" аудан әкімі аппаратының ақпараттық құпия бөлімінің басшысы Сейсенғали Арыстанбаев жасады. Айта кету керек, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігі жыл сайын бағаланады. Бағалаудың маңызды критерийі - "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру". 

Ауданда жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік қызметтің 97 түрі көрсетіледі екен. 2018 жылдың 11 айында жалпы 24837 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 6507-сі тікелей мемлекеттік орган арқылы, 1405-і қағаз жүзінде, 12700-і электронды түрде ұсынылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен, бүгінгі күн талабынан қарағанда әлі де қолда бар мүмкіндікті қарастыру қажеттігі айтылды. 

Баяндамашыға қоғамдық кеңес мүшелері Бағдатбек Жанғазиев, Серікбай Тұржанның тарапынан сұрақтар қойылды. Пікірлер айтылды. Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысына ұсынылды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.