Шыны керек, еңбек бізде культқа айналмады. Кезінде мұнай бағасының 120 долларға дейін өсуі елді голланд және басқа да ауруларға ұшыратты. Дайын ақша біраз нәрсені бұзды. Ойландырмады. Қит етсе, жалақы мен зейнетақыны өсірді. Кейін қоғам да оған үйреніп, тегін ақшаны талап ете бастады.
Жазбаны Newsroom+Ақпарат агенттігі Нұрмұхамед Байғараевтың facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нәтижесінде, адал еңбек ет дегенге көп адам сенбейтін деңгейге жеттік. АҚШ-тағы түрлі спикерлердің work hard дейтін сөздерін біздің қоғам қабылдамайды.
Ал қазір түрлі вайнерлердің вайн түсіріп, гиф өткізіп, жарнама жасап, айына бірнеше миллиондап табыс табуы келесі ұрпақтарды нағыз жалқау қыла ма деп ойлаймын. Әрине, әр адам қолынан келгенше ақша табады. Тапсын. Заңға қайшы келмесе болғаны....
Алайда мұны көрген оқушыға терең білім ал, маңдай теріңді төгіп, қызмет ет десең, күледі ғой. 2 млн оқырманы, жарнамасына 1,5 млн теңге алатын вайнерді көрсетсе, қарсы уәжің бар ма? Өйткені оған ми да, еңбек те керек емес. Бір смартфон жеткілікті.
Мұнайдан туған жалқаулықты инстаграм ары қарай жалғастырып, Тик-Ток тереңге тартатын сияқты.....