​Кентаулықтар әкімге WhatsАpp арқылы өтініш жолдай алады

11 Желтоқсан, 2018 538 0

үркістан облысына қарасты Кентау қаласының әкімдігінің WhatsАpp желісі іске қосылды. 

Әлеуметтік желінің бұл түрі арқылы Кентау қаласының тұрғындары әкімдікке арыз, өтініш, құттықтау, тілектерін жолдай алады. Келіп түскен хабарламадағы жазбаларға міндетті түрде жауаптар беріледі және бақылауға алынады. 

ғни, қала тұрғындарымен тікелей ватсап желісі арқылы байланысып орнатылып отыр. Кентау қаласының WhatsАpp желісіндегі нөмірі - 87077655101. Жалпы, бүгінде әлеуметтік желі бойынша ақпарат тарату ісі үлкен қарқынмен дамып келеді. 

Қала әкімдігінде қазіргі кезде facebook парақшасы жоғары деңгейде жұмыс жасап келеді. Онда қаладағы жаңалықтар мен хабарландырулар, құттықтаулар және өзге де мәселелер тұрақты түрде жарияланып отырады. Одан бөлек қала әкімдігінің сайты да ашылған. Қала тұрғындарымен ашық диалог орнатуды мақсат еткен әкімдік бастамасы көпшіліктен үлкен қолдау тауып отыр.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.