​Түркістан облыстық Ассамблея кеңесінің алғашқы отырысы өтті

11 Желтоқсан, 2018 456 0

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға мәслихат депуттары, облысымыздағы бірқатар басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Заңғарбек Үсіпахметов ассамблеяның қызметі және алдағы негізгі міндеттері туралы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Түркістан облыстық ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілерін тағайындау болатын.

Осы орайда: 

-Облыстық ассамблея төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлығына облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Батдридин Нишанкулов пен иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурысбек Капар-Пур; 

-Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалығына мемлекет және қоғам қайраткері Серік Пралиев;

 -Аналар кеңесінің төрайымына Дүйсенкүл Жамболова; 

-Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшілігіне облыс әкімінің кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов; 

-Журналистер мен блогерлер клубының жетекшілігіне «Жанубий Қозоғистон» газетінің директоры – бас редакторы Алишер Сатыбалдиев;

 -«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының жетекшілігіне Еркебұлан Нарбаев; 

-Медиация кеңесінің жетекшілігіне «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы Нұржан Мейрманов Бауыржанұлы тағайындалды. 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестік төрағасының орынбасары Гулирано Расулова, облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко, облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурысбек Капар-Пур баяндама жасады. Кеңес отырысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында берген тапсырмалары Түркістан облысында сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді орындау бойынша этнос өкілдерін қатыстыра отырып, кешенді іс-шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.