Бейрут: жас-жұбайлардың жарылыс кезіндегі видеосы жарияланды
Бейрут: жас-жұбайлардың жарылыс кезіндегі видеосы жарияланды

"Мен дірілдеп тұрмын. Бұл жерде өте қатты жарылыс болды. Әйнектердің бәрі быт-шыт болды, кейбір адамдар жарақат алды. Бірақ, Аллаға шүкір, біз аманбыз", - деді Нақыб араб тілінде.Ал бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Исраа Себлани жарылыс кезінде қандай күйге түскенін айтты.
"Мен тұрмысқа шығатын кез келген қыздар сияқты өте бақытты болдым. Ата-анам да мені ақ көйлекпен көргенде сондай бақытты болды. Өзімді ханшайымдай сезіндім. Ал жарылыстан кейін есеңгіреп қалдым. Мен өлемін бе? Қалай болады? Санамды үрей жаулап алды", - дейді Себлани.Айта кетейік, 4 тамыз күні Бейрутта болған жойқын жарылыстан 135 адам қаза болды. Ал жарақат алғандардың саны бес мыңнан асады. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер мен ғимараттар қирады. Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына да зақым келді. Ливанның премьер-министрі Хассан Диабтың айтуынша, сол күні теңіз портының қоймасында тұрған 2750 тонна аммиак селитрасы жарылған. Бейрут портының бірнеше шенеунігін үй қамаққа алуға тапсырма берілді.