Актриса, танымал Голливуд актері Джонни Депптің бұрынғы әйелі Эмбер Херд жала жауып, жалған көрсеткіш бергені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жұлдызды жұп "Ромовый дневник" фильмінің түсірілімі кезінде танысқан, онда Джонни Депп басты рөлді ойнаған болатын. Үш жыл бойы Голливуд актерлері кездесіп жүріп, 2015 жылдың ақпан айында қырым-қатынастарын заңдастырды. Алайда, бір жылдан кейін Эмбер ажырасуға арыз жазды, ол актермен үнемі жанжалдасатынын және оның қол көтеретінін айтқан. Актриса Депптен оған өтемақы ретінде 7 миллион доллар төлеуін талап етті. Оның қойған талаптары қанағаттандырылды, ал актердің беделіне нұқсан келді.
Кейінірек Джонни Депп бұрынғы әйеліне қарсы арыз берді. Актердің айтуынша, Херд денесіндегі көгерген іздерді жасау үшін опа-далап қолданған. Енді Депп бұрынғы әйелінен 50 миллион доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Ақпарат бойынша, сотта Депп жеңсе, Эмбер үш жылға түрмеге қамалуы мүмкін.