Имам сотталғандармен онлайн-сұхбат өткізді

Имам сотталғандармен онлайн-сұхбат өткізді

– Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Алдымен “деструктив” ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен “destructio”, яғни “бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік” деген мағыналарды білдіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы, – деп айтып өтті сұхбатта мешіттің наиб имамы.