Жанармай құю бекетінде жарылыс орын алды
Жанармай құю бекетінде жарылыс орын алды
Алматы облысындағы Есік қаласында жанар-жағармай құю бекетінде газ резервуары жарылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:15-те Есік қаласындағы "Әлем Ойл" жанар-жағармай құю бекетінде жол апаты болды. Land Cruiser Prado маркалы көлік газ резервуарын соққан. 4 текше метрлік қондырғы бұзылып, ішінен газ шыққан. Артынан жарылыс болды.
Land Cruiser Prado мен Hyundai Tucson маркалы көліктер отқа оранды. Айналадағы құрғақ шөп те жанған. Сағат 10:52-де өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.
"Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 процентін күйік шалған, жағдайы ауыр. Ал жанар-жағармай құю бекетінің 30 жастағы операторы кеудесін ауыртып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді", - дейді құтқарушылар.Жанар-жағармай станциясының жанындағы жекеменшік үйлер зақымданған жоқ.