Құс саңғырығы көліктің сырын кетіре ме ?
Құс саңғырығы көліктің сырын кетіре ме ?
Көлік жүргізушілері үшін қиындықтың бірі құс саңғырығы. Енді ғана жуып, тазалап шыққанда құстар ластап кеткен болса, көңіл-күйіңіз бірден түсері анық. Дегенмен құс саңғырығы көлік көркін қашырып қана қоймай шанағына да айтарлықтай зиянын келтіреді.
Кез келген құстың саңғырығын да несеп қышқылы болады, бұл химиялық үрдістің бір түріне жатады. Нәтижесінде көлік сырына зиян келе бастайды. Жаз кезінде көлік күн астында қалатын болса, зиянды әсер бірнеше есе артады. Несеп қышқылын алғаш рет 1776 жылы швед химигі әрі фармацевт Карл Вильгельм Шееле ашқан.
Несеп қышқылы таза қалпында кристал тәрізді түссіз болады. Суда диметил эфирі және этанолда оңайлықпен ерімейді. Глицерин сілті ертінділерімен күкірт қышқылында жақсы ериді. Өнеркәсіпте несеп қышқылын кофеин синтезінде пайдаланады.
Несеп қышқылы құстардың денесінде бір қатар физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Яғни бүйректің дұрыс жұмыс жасауы арқылы пайда болады. Жоғарыда айта кеткендей суда дұрыс ерімейтін болғандықтан құс саңғырығы көбіне ақ түсті болады. Көлік сыры бірден көшпейтіні де анық бірақ, сүртілмей біраз уақыт қалып қойып, тіпті күн ысып кетсе көліктің көркі қашты дей беріңіз.
Сыры кетсе тат басып қалуды да мүмкін. Құс саңғырығын тез кетірудің жолы көлікке сода қосылған су салып жүргеннің зияны жоқ. Көлігіңізге құс саңғырып кеткенде көмек болады. Оны шашу арқылы сүртіп тастасаңыз болғаны. Мұнда тағы ескеретін жайт құстар түрлі микроптармен паразиттерді тасушылар қатарында.
Сондықтан көліктегі болсын, терезедегі болсын, құс саңғырығын сүрткенде резеңке қолғап киіп алыңыз. Сүртіп болғаннан кейін ысқыш пен қолғапқа дезинфекция жасаңыз. Құс саңғырығынан қорғану үшін автокөлікті тұраққа қойғанда мән беріңіз құстар көп қонатын жерді таңдамаңыз.
Аударған: Ділдақан Майра