​Созақтық грепплинг шеберлері ҚР Кубогының иегері атанды

11 Желтоқсан, 2018 424 0

Созақтық грепплинг шеберлері Қазақстан Респбуликасы Кубогының иегерлері атанды. 

Желтоқсан айының 8-9 күні аралығында еліміздің бас ордасы Астана қаласында «Даулет» спорт кешенінде грепплингтен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан командалар қатысып, жалпы 700 спортшы бақ сынады. Қазақстан Республикасы Кубогында Түркістан облысының намысын Созақ ауданынан Мыңжасар Алпамыс, Қуандық Ерғараев, Дәурен Оспанов, Абзал Саттарұлы қорғады. 

Облыс қоржынына қомақты жүлде салған созақтық жігіттер 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді еншілеп, жалпыкомандалық есепте ІІ-орынды иеленді. ҚР Кубогының алтын медалін 84 келі салмақта Мыңжасар Алпамыс, 66 келіде Қуандық Ерғараев еншіледі. Сондай-ақ, 62 келіде Абаз Саттарұлы күміс медаль, 92 келіде Дәурен Оспанов қола медаль алды. Грепплингтен ҚР Кубогының иегерлерін аудандық балалармен жасөпірімдер спорт мектебінің ұжымы құрметпен қарсы алды. 

Спорт мектебінің директоры Жетілген Сармантаев құттықтау сөз сөйлеп, алдынғы толқын ағалардың жетістіктері жастарға жігер беретінін айтып өтті. Жеңімпаздар спорт мектебінде тәлім алатын балаларға шеберлік сыныбын өткізді. 84 келі салмақта алтын медаль алған Мыңжасар Алпамыс: Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті. Жігіттерде барын салып күресіп, үлкен нәтижеге қол жеткізді. Грепплингтің басқа спорттан айырмашылығы, күресе отырып, ауыту, қылқындыру тәсілін қолданып жеңіске жетуге болады. Алда әдіс тәсілдерді жетілдіріп, мұнан да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз,- дейді. 

Белі мен жұдырығы мықтылар ғана емес, жүрегінде түгі бар жігіттер бақ сынайтын додада, бабың келіп жеңіп жатсаң, тұтас ұлттың абыройын асырасың. Жекпе – жек спортында қылқындыру тәсілі арқылы жеңіске жетуді көздейтін грепплинг спорты Созақ ауданында қазығын қақты.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.