Жаңалықтар

Балаларға коронавирус қауіпті ме ?

Ел аумағында коронавирустан қазір 27 мыңға жуық отандамысыз емделіп жатыр. Оның 144-і - балалар. Бүгінде бұл вирустың ересектерге қандай зияны мен әсері бар екенін әлем дәрігерлеріне шамалы болса да белгілі. Алайда денсаулық сақтау саласының мамандары жеткіншектерге бұл індеттің қалай әсер ететін бірауызды шешімге келер емес. Дегенмен, жаһандағы ғалымдар «КОВИД-19» инфекциясын жеткіншектер мен жасөспірімдер ең көп таратады деген жаңалық ашыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды. Иә, дәл осылай балалар елде індет енді тарала бастағанда қашып еді. Ал, қазіргі жағдай басқа. Карантин болса да, балалар далада. Ешкімнен қаймықпайды. Емін  еркін. Бірақ баланы далаға еркін қою беру коронавирустың өршуіне әкеліп соқтырады, дейді шетелдік «The New York Times» басылымы, Оңтүстік Корея ғалымдарына сүйеніп. «10 жастан кіші балалар өзгелерді коронавируспен екі есе аз жұқтырады. Өйткені балақайлар ересектермен салыстырғанда, аз тыныс алады. Сондай-ақ бұл жастағылардың бойы кішкентай, ал бұл үлкендердің ауамен инфекция жұқтыру ықтималдығын азайтады. Дегенмен 10 мен 19 жастағылар қоғам үшін аса қауіпті. Өйткені олардың ересектермен бойы теңескенімен, жеке гигиенаны сақтау әдеті бала күніндегідей деңгейде қалады. Сондай-ақ жасөспірімдер қатарластарымен жиі қарым-қатынаста болады». Франциялық «Le Figaro» газеті де осы мәселе төңірегін қаузапты. Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың Чикаго қаласында 23 наурыздан 27 сәуір аралығында «Ковид-19» инфекциясының жеңіл түрін жұқтырған 145 жан анықталған. Оларды мамандар 5 жасқа дейін, 5 жастан 17 жасқа дейін, 17-ден 48-ге дейін және 18-ден 65 жасқа дейін деген топтарға бөліп, тест алыпты. Қорытындысында алғашқыларда, яғни 5 жасқа толмағандардың мұрны-ұртынан ересектерге қарағанда, 100 есе көп вирус анықталған.  Астаналықтар болса, балалары далаға шыққанда қолдан келгенше қауіпсіздік шараларын сақтанамыз, дейді. «Маскасыз шығармаймыз. Әне, екінші немерем жүр, ол да маскамен. Өзіміз де. Балалар үшін қорқамыз. Өйткені сондай заман болды ғой. Жоқ. Үйренген бала. Ал былай қараңыз, мына балалар қараңыз. Білмеймін, қоя береді». «Конечно, сенем. Жұғады. Бәрі ауырып жатыр ғой. Сондықтан гигиенаны сақтау керек. Үлкен кісілер маска тағып, арақашықтықты сақтау керек. Балаларға кигізе алмаймын. Балам кимейді». «Енді баланың аты бала ғой. Қанша дегенмен масканы ол азаннан кешке дейін тағып жүрмейді. Бір ойнап, бір далаға шыққанның өзінде 5 минутта шешіп тастайды. Өзіміз әрең жүреміз». Әлеуметтік желіде қала қамын күйттеген астаналық Рүстем Жансейітов те қазіргі жағдайға таң қаламын дейді. Әсіресе, әлемдегі дәрігерлер коронавирустың балаларға қандай әсер ететін нақты білмей тұрып, еш қамсыз жіберген ата-аналарға таңданады. Азамат үйге сыймаған жеткіншектерді өз бетінше далаға жібермей, әркез бақылауда ұстау керек деп те санайды.  РҮСТЕМ ЖАНСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бала далаға шықсын. Ешкім қарсы емес, оларды үйге қамаңыздар деп жатқан жоқпын. Ал егер ойнауға, серуенге шықса, тек жақындарының қасында жүрсін, өз отбасымен, вирусы жұқтырмаған жақынымен. Бұл істеу қиын екенін білем, бірақ қазіргі жағдай осыны талап етеді». Айта кетейік, Алексей Цой басқаратын министрлік бұған дейін 5 жасқа дейінгі балаға да маска тағуда міндеттеген еді. Алайда қоғам бұл бұйрыққа наразылық білдіргеннен кейін, ведомстводағылар бұл шешімін өзгертті. Сондай-ақ, жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «саналы жастар коронавируспен күресте бейқамдық танытуда» деп айыптаған еді. Өйткені көбісі жағдайды түсіне, біле тұра, жасырын кездесіп, сақтық шараларын аяқасты етеді-мыс.