Бейрут жарылысы: шығын 15 млрд доллар
Бейрут жарылысы: шығын 15 млрд доллар
Бейруттағы жарылыс шығынын есептеу бойынша келтірілген залал 15 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл туралы 5-тамыз күні Бейрут провинциясының губернаторы Марван Аббуд Al-Hadath телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
"15 млрд долларға жетуі әбден мүмкін. Шығынды айтамын", - деді Аббуд. Қаланың тең жартысына зақым келген, көліктер өртеніп, кей ғимараттар тұтастай жарамсыз күйге түскен.
Бұған дейінгі есептеу бойынша жарылыс шығыны 3-5 млрд. доллар арасында делінген болатын.
Асхат Қасенғали