Сайрамда спорттық мектептерде санитария мамандары кездесті

11 Желтоқсан, 2018 547 0

Түркістан облысы, Сайрам ауданында аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары аудандық денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты барлық спорт кешендері өкілдерінің қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. 

Семинар мақсаты – дерматамикоз ауруының алдын алуда іс-шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету, санитариялық-ағарту жұмысты арттыру және спорттық мектептерде санитариялық ережелердің сақталуына бақылауды арттыру. Семинар «Дерматамикоз ауруының және де басқада тері ауруларының алдын-алу» тақырыбында өтті. 

Дерматомикоз – бұл терінің қабыршақтануы, тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы белгілерімен байқалатын ауру. Оладамдар мен жан-жануарларда кездеседі. Дерматомикоз күнделікті тұрмыста ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімі, аяқ киімі, жөкесі арқылы, ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануарларынан жұғады. Сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендеріне барғанда жеке гигиенаны сақтамағанда да жұғуы ықтимал. 

Дерматимакоздың алдын алу үшін жеке гигиеналық заттарды қолдану, қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды сабынмен жуу, қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру, үй жануарларын уақытылы мал дәрігеріне көрсетіп, ектіріп тұру керектігі айтылды. Сонымен бірге, инфекциялық және паразитарлы аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында өткізілген бұл семинар барысында спорт кешендерінде спорттық құрал-жабдықтарды өңдеуден өткізу тәртібі, балалардың жеке бас гигиенасына аса назар аудару талап етілді.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.