Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болды
Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болды
Абай күні – 10 тамыз.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі zakon.kz. порталына сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланған "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысында:
1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:"22-1. Абай күні – 10 тамыз". 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Биыл - ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы.