Жаңалықтар

Бейруттағы жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 113 адамға жетті

Бейруттағы жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 113 адамға жетті

Ливан құтқарушылары сейсенбі күні Бейрут портында орын алған жарылыстан кейін қираған ғимарат қирандылары астында тірі қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны қазір 113 адамға жетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі " Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. Жарылыстан мыңнан астам адам жарақат алып, ондаған мың адам баспанасыз қалды. Жерорта теңізіндегі Бейрут портынан шамамен 160 шақырым шалғайдағы Кипр аралындағы ғимараттардың да теңселіп кеткені хабарланды. Шенеуніктердің айтуына қарағанда, жарылыс Бейрут портындағы жарылғыш материалдардың өте үлкен көлемі қауіпсіз жағдайда сақталған қоймада болған. Қайғылы оқиға осыдан 30 жыл бұрын аяқталған азаматтық соғыстан кейін әлі күнге қайта қалпына келуді бастан кешіріп жатқан Бейруттың бүкіл тарихындағы ең қуатты жарылыс саналады. Бұған қоса, соңғы айларда Ливанда экономикалық дағдарыс ушығып, Covid-19 індетіне байланысты одан ары тереңдей түскен еді. Ливан Президенті Мишель Аун халыққа жолдаған үндеуінде ел Үкіметтің «оқиғаны жіті тергеуге мүдделі екендігін және кінәлілер жауапқа тартылатындығын» айтты. Reuters агенттігі дереккөзіне сүйене отырып хабарлауынша, 2014 жылдан бері материалдарды сақтау және қорғаумен айналысатын порт қызметкерлерін үй тұтқына алу туралы бұйрық берілген. Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты аумағында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зақым келген. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін кеңседен кетіп қалған. Консул жұмыста болғандықтан жарылыс толқыны кезінде жеңіл жарақат алды.