Жетісайлық боксшылар 5 медальді қанжығаға байлады

11 Желтоқсан, 2018 542 0

Түркістан облысы, Жетісай ауданының жас спортшылары Алматыда өткен турде жеңіс тұғырынан көрініп, 5 медальді жеңіп алды.

2018 жылдың 5-9 желтоқсан күндері аралығында бокстан Алматы қаласында «Сидней олимпиадасының чемпионы - Бекзат Саттархановты еске алуға» арналған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті. 

Ол турнирге Қазақстан Республикасының барлық облыстарымен қоса Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 400-ге жуық спортшы қатысты. Сол дүбірлі додаға Түркістан облысы, Жетісай ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №2 БЖСМ–нің жас спортшылары 5 медальді қанжығаларына байлап, жеңіс тұғырына көтерілді. 

Жеңімпаздар жастарды таныстырып өтсек: І орынды - Мырзахмет А; ІІ орынды -Тұрпаш Н және Кенжебай М; ІІІ орынды - Мүтәліп С және Пернебай Д жүлделі орындарды бағындырып, ауданның абыройын одан әрі асқақтатты. Айта кету керек, жеңмпаз жастардың жаттықтырушылары Мейіржан Керімхан мен Бекзат Бахтияров. Дарынды спортшылардан алдағы уақытта тек қана жеңіс күтіліп отыр.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.