Қазақ жігіті Қытайдың «Нысанаға алу» атты телесериалының режиссері болған
Қазақ жігіті Қытайдың «Нысанаға алу» атты телесериалының режиссері болған

– Бұл фильмнің сценариі 2011 жылы жазылған екен. Содан қаржы мәселесі шешіліп, режиссерін тапқанша 7-8 жыл өндіріске алынбай қалған. Бұл фильмнің сценарийі өте сапалы, сәтті жазылған. Сөйтіп шығарма 2018 жылы ғана Убәй режиссердің қолына түскен. Туындыға Қытай жеріндегі 1949 жылғы соғыс кезеңі арқау болған. Ал фильмнің бюджеті – 460 миллион юань. Бұл Қытайдағы осы дәуірді бейнелеген фильмдердің ішіндегі ең көп қаржы жұмсалған туынды болды, – дейді Өркенбек.