Ордабасылық 3606 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді

10 Желтоқсан, 2018 474 0

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес 3606 қатысушыға әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Бағдарламаның І-бағыты - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 335 азамат қысқа мерзімді оқу курстарына жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты - «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша 2018 жылға кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау–бизнес» жобасы бойынша 10 айдың қорытындысымен 146 азамат оқу курстарына жолданды. 40 азамат шағын несие алды. 

Бағдарламаның үшінші бағыты - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде тұрақты және уақытша жұмысқа, жаңа жұмыс орындарына 2 241 азамат жолдама алды. 2 545 азамат бос жұмыс орындарына, 194 азамат жаңа жұмыс орындарына орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы 267 азамат жолданып, жоспар 116,1 пайызға орындалды. Жастар практикасына 166 азаматты жіберу жоспарланса, нақты - 209 адам жолданып, жоспар 125,9 пайызға орындалды. 

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 316 адам жолданды. Мүмкіндігі шектеулі 99 азамат жұмыспен қамтылды. Пробация қызыметінде есепте тұрған 123 азаматтың 31 жұмысқа орналасты, оның ішінде 4 адам квота арқылы тұрақты жұмысқа орналасты.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.