Жаңалықтар

Ливандағы қандасымыз: дер кезінде ғимараттан кетіп қалғаныма шүкір етемін

Ливандағы қандасымыз: дер кезінде ғимараттан кетіп қалғаныма шүкір етемін

 width= Әлемді дүрсілкіндірген Ливандағы жарылыс біздің де қабырғамызды қайыстырғаны рас. Әлемдік БАҚ беттері бұл үлкен жарылысты  "Хиросима-Нагасакиге" ұқсайтынын жазды. Сағат сайын зардап шеккендер саны артуда. Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі Ливандағы қандасымыз Бауыржан Исаевпен тілдесіп, біраз мағлұмат жинады. Орта Азия мен Кавказдағы бизнесті дамыту жөніндегі "Sanofi" компаниясының директоры Бауыржан Исаев: "Иә, кеше Ливанда жантүршігерлік оқиға орын алды. Мен бұл уақытта өз отбасыммен үйде болдым. Біз Бейруттен 15 км жерде тұрамыз. Ал жарылыс болған жер мен үй арасы шамамен 10 км-дей болады. Басында жер селкінісіне ұқсаттық, түсініксіз күйде болдық. Бірнеше минуттардан кейін үлкен жарылыстың орын алғаны туралы ақпараттар келді. Содан кейін, жаңалықтар легі толассыз тарады. Мен өзім жұмыс істейтін компания қызметкерлеріне қоңырау шала бастадым. Сонымен қатар, өзім танитын Ресейлік, Қазақстандық азаматтарға шұғыл хабарласып, жағдайларын сұрадым. Құдайға шүкір, барлығы жасқы екен. Консулдың айтқанынан ұққаным, Ливандағы Қазақстан елшілігінің ғимараты ішінде ешкім зардап шекпеген, барлығы дін аман. Бейрутте күн өте ыстық болған соң көбі  тауға барып тынығады немесе Бейруттен басқа өңірге кетеді. Сондықтан, аса қатты зақым алған Қазақстандық азаматтар бар деп ойламаймын. Әзірге нақты, толық ақпарат шықпады. Өкініштісі,  жарылыс болған уақытта сол маңдағы орталық көшелер мен кафелерде адамдар көп шоғырланғаны туралы естідік. Ливандықтар өте жақсы халық, олар орын алған жағдайға бір кісідей ат салысуда. Биліктен бастап, қарапайым халық,  беделді компаниялар мен шетелде тұратын ливандықтар да қайырымдылық қорларын ашып, нағыз керек кезде көмек қолын созуда. Еріктілер тобы құрылып, жарылыстан аса қатты зардап шеккендерге медициналық көмек, яғни қан беріп ізгілік танытып жатыр. Айта кететін жайт, біз жылына бір рет болсын қазақстандық дипмиссиямен хабарласып тұрамыз. Мазалаған сұрақтарымызды жауапсыз қалдырмайды. Олар өз істерінің нағыз маманы, алдыңғы жылы құжаттарыма байланысты мәселе туындағанда да шешуге көмектесті. Алдыңғы аптада телефон арқылы хабарласып, тағы да реттейтін құжаттар легі бар екенін айтып, кеше кездескенбіз. Әңгімелесіп, шаруамызды бірыңғайлап, шамамен сағат түскі екілерде үйге қайттым. Қазақстан дипмиссиясының ғимараты жарылыс орнынан 600-700 шақырым жерде орналасқан. Құдайға шүкір барлығы артты қалды. Мен бұл қайғылы оқиға болмастан, үш сағат бұрын Бейруттен кетіп қалғанмын. Ғимараттың видеосын көргенде, қабырғам қайысты. Өте өкінішті жағдай. Дер кезінде ол жерден кетіп қалғаныма Құдайға мың да бір шүкір еттім".