Бәйдібек ауданында «Өнерліге - нұр жауар» атты кеш өтті

10 Желтоқсан, 2018 578 0

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы №19 колледжде «Өнерліге-нұр жауар» тақырыбында мәдениет үйінің қызметкері Бақыт Оспанованың ұйымдастыруымен әнші Гүлдана Тоқсанбаеваның сыр-сұхбат кеші өтті. 

Кеште әншінің өмір жолынан фильм көрсетіліп, өмірбаяны таныстырылды. Кеш кейіпкері көрермендердің қойған әр түрлі сұрақтарына жауап беріп, репертуарындағы әндерді шырқады. Сондай-ақ, Гүлдана Тоқсанбаеваның тек әншілікпен ғана өнері шектеліп қалмайтындығының куәсі болдық. 

Ол әншілігімен қоса спектакльдерде, сахналық қойылымдарда бой көрсетіп, әртістік қырын да көрсетіп жүр. Оған қоса, күй шертетін өнері де бар. Кеш иесі Гүлдана Тоқсанбаева сыр-сұхбат кеші барысында Сүгірдің «Ыңғай төкпе» күйін төгілте орындады. Әнші қыз сұхбат кешінде өзбек, орыс, француз тілдерінде ән айтып, көпшіліктің көңілін бір көтерді. 

Кеш соңында көрермен шарадан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетті. Колледж студенттері мен ұстаздарына ерекше көңіл-күй сыйлаған осы кештің қызықты өтуіне атсалысқан әрі ұйымдастырған мәдениет үйінің қызметкері Бақыт Оспановаға да көрермендердің ризашылығы шексіз.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.