Жаңалықтар

Ливандағы қазақ студентімен сұқбат

   width= Бейруттегі теңіз портындағы күшті жарылыстардың салдарынан Ливандағы Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданған болатын. Ливандағы қазақ студенті Шоқан Уәлиев жарылыс болған аймақта қазақстан азаматарының жоқ екенін алға тартты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. "Жалпы Бейрутте оқып жатқан қазақ студенттері жоқ. 6 қазақстандық студенттердің барлығы Триполи қаласында тұрады. Алайда, Бейрутке және Ливанға көбі  Қазақстаннан немесе Орта Азиядан саяхаттауға келеді. Бірақ, кеше орын алған қайғылы оқиға қарсаңында олардың қайда болғанын білмеймін. Бізге қазақстандықтардан жапа шеккендер жоқ деп айтты",- деді Ливандағы қазақ студенті Шоқан Уәлиев Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісіне.  width= Шоқан Нұралыұлы Уәлиев 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Түркияда өткен дәстүрлі Құран жаттау және мәнерлеп оқудан өткен халықаралық жарысқа Қазақстан атынан қатысып, жүлделі 2 орынды иеленген. Ливанда оқып жатқанына үш жыл болған.