​«Шаяннан шыққан қос батыр» кітабы оқырмандарға таныстырылды

16 Желтоқсан, 2018 665 0

Жақында Бәйдібек ауданының орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық «Алғабас» газетінің редакторы, Қазақстан журанлистер одағының мүшесі Абзал Әлішерұлы Әділбековтің «Шаяннан шыққан қос батыр» атты кітабының таныстырылуы өтті. 

Жеңістің 70 жылдығы мерекесінде тарту етілген бұл кітапта Кеңес Одағының Батырлары, Бәйдібек ауданының тумасы Садық Әбдіжаппаров пен Қарсыбай Спатаевтың ерліктері туралы жазылған. Қос батыр туралы естеліктер мен мақалалар енгізілген. 

Кітапхананың оқу залына жиналған оқырмандарға алдымен батырлар жайлы түсірілген бейнематериалдар көрсетілді. Әдеби-сазды кеште аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Есмұрзаев, кітапхана директоры Айгүл Молдабекова авторға шығармашылық табыс тілеп, естелік сыйлықтарын тапсырды. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы зерттелетін, зерделенетін мәселелердің бар екендігін тілге тиек етіп, "Шаяннан шыққан қос 



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.