Тоқаев Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды
Тоқаев Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

"Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ".