Жаңалықтар

«Қазан шегелеу» дәстүрі жайлы не білесіз ?

Ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы мен ұлттық болмысы біте қайнаған. Хатқа түспегенмен ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып берілген дәстүр мәдениеті кейде, тау шыңына жетіп, кей тұста сырттан енген кері әсерлерден құндылығының байыбына жетпегендіктен көмескі тартады. Түбінде ізгілік жатқан ол ғұрыптарды танудан ұтпасақ ұтылмайтынымыз хақ. Халқымызда бір-бірімен парыз-қарысыз араласудың түрі көп. Соның бірі қазан шегелеу дәстүрі. Қазан шегелегенде бірнеше адам қалаған бір үйіне айтпастан барып сол шаңырақтың әбдіреде қалған етін астырып барымен базар жасап көңілді отырыс өткізеді. Ән айтылып түрлі әңгіменің басы қайырылып арқа-жарқа бас қосу болады. Бұл көңілі жақын жандардың қарым-қатынасты үзбеу амалы дайындықсыз айтпастан барып үй иелерін әбігерге салмай араласудың әдемі түрі. Қазан шегелеудің жолының жеңілдігі сондай барған адам сол үйдің ықыласпен берген қара суы болсада разы болады. Себебі олар ешқандай ескертусіз өздерінің көңіл қалауларымен барады. Араластықтың осы бір түрін қазан шегелеп қайту дейді. Қазақтың аяқ араласуының түрлері көп, айтар болсақ бастаңғы, тоқым қағар, жіп беріп жіберу, шыбыққа бүйрек ілу т.б сол тәрізді неше түрі бар. Ертеректе соғым сойылардан бір күн бұрын шешелеріміз арнайы бірнеше шыбық алып, оның басын үшкірлеп жонып даярлайтын. Өйткені соғым сойу бір үйдің ғана несібесі емес, көрші көлем, туыс-туғанның аузы тегіс майланатын күн. Сырттай ерлер соғым сойып, әйелдер ішек-қарын аршып жатқанда үйдің ішіне кіргізілген еттің шетінен кесіліп, қуырдақ қуырылып кешке сол үйде ет асылады. Бұл үлкендердің сыбағасы ал балаларға жоғарыда даярланған шыбықтарға ішіндегі бүйрегі, жүрегі тағыда бәйбішенің қалауына қарай өзге еттер ілінеді де шыбықты ат қылып ойнайтын сол маңда жүрген ағайынның баласын шақырып ат мінгіздім деп ұстатып жібереді. Жеңешем бүйрек берді деп, салмақты шыбықты сүйретіп, табыс арқалап, үйге жеткен қандай екі танауы шелектей соны шыбыққа бүйрек ілу дейді. Аударған: Ділдақан Майра