Зімбір мен лимон коронавируспен күресуге көмектеспейді
Зімбір мен лимон коронавируспен күресуге көмектеспейді
Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова сарымсақ, зімбір және лимонның коронавирусты жеңуге қаншалықты көмек көрсетітінін айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Молдағасымованың айтуынша, зімбір мен лимон дәрі-дәрмек түрі болып саналмайды."Зімбір мен лимон дәрі-дәрмек болып саналмайды. Бұл тек иммунитетті көтеріп, ағзаның функцияларын қалпына келтіретін азық-түлік өнімдері. Бүгінде тәжірибеде зімбір мен лимонмен емдеудің ешқандай пайдасы дәлелденген жоқ", - деді бас санитар дәрігер. Оның айтуынша, COVID-19-дан тек вирусқа қарсы препараттар қолданылады.