Қазығұрт ауданына тартылған инвестиция өткен жылдан 7,1 пайызға өсткен

10 Желтоқсан, 2018 563 0

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының өркендеу, даму жоспарын, өңірдегі өнімнің көлемін 2018 жылдың 10 айдағы қорытындысы бойынша салыстырмалы түрде есебін жариялады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып newsroom.kz+ порталы. 

Қазығұрт ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың 10 айының қорытындысымен 96929,7 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,0 пайызды құрады. 

10 айдың ішінде тартылған инвестиция көлемі 15263,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға артты. 2018 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 17100,0 млн, теңгеге бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында 2915,0 млн, теңгеге артып, жылдық жоспар 20015,0 млн, теңгені құрады. 

10 айдың қорытындысымен 99,9 пайызға бюджет қаржысы игерілді. Ішкі кіріс бөлігінің 2018 жылғы жоспары 1660,2 млн. теңге, 10 айлық жоспары 1200,5 млн. теңге болса, нақты 1261,3 млн. теңгеге, яғни 105,1 пайызға орындалды. 

Өңірдегі өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына ауданда ашылған индустриалды аймақтың үлесі мол.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.