Түркістан: Қазақ күресінен турнир өтті

10 Желтоқсан, 2018 600 0

Түркістан облысына қарасты Шардара қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Шардара кубогы – 2018» турнирі болып өтті. 

Аламан бәйгеде түркістан облысының жігіттері тартысқа түсті. Кіл мықтыларды сарапқа салған сайыста үшінші мегаполис статусын алған Шымкент қаласының құрама командасы да қатысып, қарсыластарына өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынды шымкенттік балуандар иеленіп, елінің намысын қорғады. 

Шымкенттіктер құрамында: Дулатбек Құрмантай, Асылбек Тәжібай, Нұрман Әбдуназар, Диас Давлятов, Диас Сайлау, Жұмажан Қожамбеков, Бақберген Тұрсын және Әліхан Аралбай бақ сынады. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жалпы командалық есепте екінші орынды турнирді ұйымдастарғанжарыс иелері Шардара қаласының жігіттеріне бұйырса, үшінші орынды Отырар ауданының балуандары қанжығаларына байлады. 

Тартысты бәсекеде бақ сынаған спортшылар өз шеберліктерін ортаға салып, көрермендердің ықыласына бөленді.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.