Жаңалықтар

Вице-министр әйелді бір өлімнен аман алып қалды

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов әйелді тұншығудан аман алып қалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Оқиға 3 тамызда болған. Марат Шоранов денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа келген. Осы сәтте 5-подъездегі сатыдан 1969 жылғы әйел жоғарыға көтеріліп бара жатқан. Алайда ол кенеттен есінен айырылып, жерге құлаған.

"Шоранов әйелді ұстап қалды. Ол әйелдің түрі бозарып кеткенін, тұншығып жатқанын көрген. Вице-министр медициналық тәжірибесінің арқасында әйелге жедел медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, ол жүргізушіге көліктен бұрағыш алып келу керегін айтқан. Вице-министр оны әйелде трахеостома болса, қолданбақшы болыпты", - делінген хабарламада.

Медициналық көмек алған соң әйел тыныс ала бастаған. Кейін оны жедел жәрдем қызметі ауруханадағы жалпы хирургия және проктология бөліміне жеткізген. Дәрігерлер әйелге "өткір жабысқақ ішек өтімсіздігі" диагнозын қойған.