Тәуелсіздік: Түркістанда smart орындықты саябақ ашылды

15 Желтоқсан, 2018 2030 0

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Түркістан қаласында жаңа саябақ пайдалануға берілді. «Парасат» деп аталған саябақтың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала тұрғындары қатысты. Өңір басшысы тұрғындарды жаңа демалыс аймағының ашылуымен және Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz жазды. 
Саябақтың  құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріліп отыр. Демалыс аймағының құрылыс монтаж жұмыстарына 260 млн. 742,92 мың.теңге бөлінген. Құрылысты «Түркістан жарық тазалық» ЖШС мекемесі жүргізген.  
Саябақ абаттандырылып, сәулет үлгісі жағынан соңғы үлгіде жасақталған. Жарық бағаналары мен аркалар, субұрқақтар мен жаттығу құрылғылары, теннис, футбол, баскетбол алаңшалары мен веложол және концерт алаңы бар. Демалыс орнын сумен қамтамасыз ету жүйесі толығымен автоматтандырылған. 

Тағы бір ерекшелігі, бұл саябаққа күн көзінен қуат алатын SMART орындықтар орнатылған. Онда ұялы телефонды қуаттауға болады. Жобаны тапсырушылардың айтуынша, бұл орындықтар 15 жылға дейін қызмет көрсетеді. 

Сонымен бірге, мереке қарсаңында Түркістан облысының аудан, қалаларында да әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында «MEDICAL CENTER SHUBARSU» медицина орталығы ашылды. 
Медициналық орталықта жалпы саны 115 станционарлық төсек-орын бар. Мұнда терапия, балалар бөлімі, хирургия және жарақат бөлімі, физотерапия және оңалту бөлімі, күндізгі бөлім, стационар, зертхана және диагностика бөлімі, жедел жәрдем стансасы қызмет көрсетеді. АҚШ, Оңтүстік Корея, Венгрия, Жапония, Германия және бірқатар шетелдік және отандық замануи медициналық құралдармен жабдықталған нысанда 145 адам жұмыспен қамтылған.
Осы күні Темірлан ауылында «Жастар сарайы» ашылды. Бүгінде жиырмаға жуық жас маманды жұмыспен қамтыған ғимаратта аудан жастары түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақытын тиімді пайдаланатын болады. 
Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында Кентау қаласындағы Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, бұл күні Кентауда 30 пәтер иелеріне табысталды.
Ордабасы және Кентау тұрғындарының қуанышына ортақтасу үшін арнайы барған Жансейіт Түймебаев ел еңсесін тіктеуге бағытталған мұндай игі қадамдар жалғаса беретінін жеткізді. 

Тегтер: түркістан, түймебаев, саябақ, тәуелсіздік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.