Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілген үйдің осалдығы зор болып тұр
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілген үйдің осалдығы зор болып тұр
Қабырғасында жарық бар, ауласында жарық жоқ. Енді осыған өрт қауіптілігін, құны қымбат автономды жылыту жүйесі мен пәтер иелері кооперативінің әрекетсіздігін қосыңыз. Бұл елордадағы «С 303 көшесі, 2» мекен-жайында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің ортақ мәселесі. Тұрғындардың айтуынша, құрылысшы компания да, пәтер иелері кооперативі де, тіпті жергілікті әкімдік те түйткілді шешу үшін тиісті түрде құлық танытпай отыр.
Бұл туралы Хабар 24 арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселесі ала болған 6 тұрғын үй былтыр 1 желтоқсан күні пайдалануға берілген еді. Бірақ «әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған бұл арендалық баспана құрылысы да осал болып шықты» дейді халық. Небәрі жарты жыл ішінде үйдің қабырғасы отырып, жарық пайда болған. Басқа да шағымын жарыса айтқан тұрғындар бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмағанын алға тартты.
Айгүл Байқасынова, жергілікті тұрғын:
- Дуалдар бәрі тесіліп шығып жатыр. Үйдің жағдайы бәрі как попало. КСК-ға жазсақ, КСК жұмыс істемейді. Застройщик бізді адамға санамайды, келмейді. Үйдегі проблема терезе де сынық. Жаңбыр жауғанда су ішіне кіріп кетеді. Мына үйлер тесіліп шықты. Ана жерде септик тұр. Кәдімгі септик жолға шығарылмаған центральный канализацияға.
Мирлан Алтынбек, тілші:
- Сорақысы сол, 400-ден астам әлеуметтік осал топ отбасы тұратын 6 үй 20 метр қашықтықта орналасқан орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған. Оның орнында анадай шағын септик тұр. Оның өзі уақтылы тазартылмайды екен.
Ал құрылыс басшысы Бекзат Пашаев бұл проблеманы үй жанындағы орталықтандырылған кәріз жүйесінің әзір жұмыс істемейтіндігімен түсіндірді.
Бекзат Пашаев, тұрғын үй құрылысының басшысы:
- Бұл жерде айтылып жатқан централизованный канализация ол келешекте жоспарланған нәрсе. Ана жақта 2024 жылы ма очистной ашылады, сол кезде перспективаға қалдырылған трубалар бұның бәрі. Біз өз жауапкершілігімізден қашып жатқан жоқпыз. Көрсетілді замечаниялар біз оны устранять етеміз. Ертең болмайды ол вопростың бәрі. Благоустройство жөніндегі вопростың бәрі именно ертең шешіледі. 100% шешіледі.
Уәде беремін. Жалғызбасты ана Жадыра 4 баласымен 15-қабатта 33 шаршы метр жерде тұрып жатыр. Пәтер ауасын желдету мүмкін емес дейді. Жуынатын бөлмесінде ванна мен унитазы да жөнді бекітілмеген. Ауданы кем дегенде 60 шаршы метр болатын пәтерге көшкісі келеді. Айтуынша, көрші үйде 2 және 3 бөлмелі бірқатар пәтер ұзақ уақыт бойы бос тұр.
Жадыра Барлыбаева, жергілікті тұрғын:
- Хотя бы 2 бөлмелі берсін деп сұрап кірмеген жерім жоқ. Енді сіз бұдан отказ қылсаңыз, үйіңізді аламын да басқа біреуге беріп жіберемін. Значит сіз мұқтаж емессіз деді. Бармаған жерім жоқ. Кульгиновқа тоже кірдім. Оны кіргізген де жоқ есігіне. Сосын онлайн жібердім. Бос бөлме жоқ қазір деген жауап келді. Басқа үйде 2-3 бөлмелілер толып жатыр екен, естіп жатырмыз.
Тұрғындардың шағымы бойынша пәтер иелері кооперативіне де соқтық. Төрағасы орынында болмай шықты.
Кейін арғы бөлмеден шыққан қызметкер арқылы ПИК төрағасын шақырттық.
Даниярды тұрғындар бұрын-соңды көрмепті. Десе де, қызметіне 1 ай бұрын келген жас басшыға көкейдегі сауалдарын жарыса жаудырды. ПИК төрағасының сөзіне сенсек, 6 үйден айына шамамен 800 мың тг кіріс түседі екен. Және ол ақша жеткіліксіз. Алайда қорға түсетін қаржы көлемі одан да көп. Бірақ нысаналы мақсатына жаратылмай отыр.
Данияр Каханов, ПИК төрағасы:
– Тұрғындардың тең жартысы төлемейді. Келісімге әлі күнге дейін қол қоймағандары бар. Егер бәрі төлейтін болса, қорға жиналатын қаржы көлемі де көп болар еді. Жиналған қаржы кооператив қызметкерлерінің жалақысынан ауыспайды.
Ол ол ма?! Үйді тапсырған кезде есептегіш құралдардың едәуір бөлігі осы күнге дейін пломбаланбаған. Осыған байланысты коммуналдық қарыз көлемі де артып отыр. Яғни алдағы күндері тұрғындар жарықсыз қалуы мүмкін. Бұл мәселе әкімдіктегілердің құлағына жетсе керек, бірқатар тұрғын Сарыарқа ауданы әкімдігіне шақырылғаны жөнінде хабарлады. Жағдай біздің де бақылауымызда қала бермек.