Жаңалықтар

WhatsApp-тағы ақпараттың шынайылығын тексеретін функция пайда болды

WhatsApp-та жіберілген хабарламалардың шынайылығын тексеруге мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Қосымшаның блогында хабарланғандай, бұл жаңалық топтық чаттарда қабылданған және бірнеше рет жіберілген хабарламаларға әсер етеді. Олардың жанында үлкейту әйнегінің белгішесі пайда болады, оны нұқу арқылы хабарлама мәтінін Google іздеу жүйесіне жібереді. Осылайша, пайдаланушы тақырып бойынша жаңалықтар немесе басқа ақпарат көздерін таба алады. Бүгінде фактілерді тексеру мүмкіндігі АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Бразилия, Мексика, Италия, Ирландиядағы WhatsApp-тың соңғы нұсқаларында iOS және Android құрылғыларында қолжетімді.