Жаңалықтар

Бір тәулікте 1 800-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған

Бір тәулікте 1 800-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 1 786 адамға жетті, - деп  хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 
Жедел штабтың мәліметінше, вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген. Онда 1 124 адам COVID-19 жұқтырған. Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандардың саны 18-ге жеткені айтылады. Ал вирустан жазылғандардың саны - 97. Дереккөз мәліметінше, бүгінде Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны - 11 917. Ал көз жұмғандардың саны - 94, сауыққандардың саны - 795.